Bauknecht TGW 6467/IXL Instruction for Use Page 1

Browse online or download Instruction for Use for Unknown Bauknecht TGW 6467/IXL. Bauknecht TGW 6467/IXL Instruction for Use User Manual

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 7
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 0
KK
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл нұсқаулар веб торапта қолжетімді болады: docs.bauknecht.eu
СІЗДІҢ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ
Бұл нұсқаулық жəне құрылғының өзі оқылып, барлық кезде сақталуы тиіс маңызды қауіпсіздік хабарламаларын қамтиды.
Бұл пайдаланушыларды өздеріне жəне басқаларға төнетін мүмкін қауіптер туралы ескертетін қауіпсіздікке қатысты қауіпсіздік ескерту белгісі.
Барлық қауіпсіздік хабарламалары қауіпсіздік ескерту белгісін жəне келесі терминдерді қамтиды:
ҚАУІП
Болдырылмаған жағдайда ауыр жарақатты тудыратын қауіпті жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТУ
Болдырылмаған жағдайда ауыр жарақатты тудыратын қауіпті жағдайды білдіреді.
Барлық қауіпсіздік хабарламалары мүмкін қауіпті, жарақат алу мүмкіндігін азайту жолын түсіндіреді жəне нұсқау орындалмаған жағдайдың салдарын
хабарлайды.
Кез келген орнату жұмыстарын орындаудан бұрын құрылғы қуат көзінен ажыратылуы тиіс.
Орнату жəне техникалық күтім өндірушінің нұсқаулары мен жергілікті қауіпсіздік ережелеріне сəйкес білікті техник маман тарапынан жүзеге асырылуы
тиіс. Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше белгіленген болмаса, құрылғының ешбір бөлшегін жөндемеңіз не ауыстырмаңыз.
ЕСКЕРТУ
Бұл нұсқаулықтағы ақпарат дəл орындалмаған жағдайда мүліктің зақымдалуы мен жарақатты тудыратын өрт
немесе жарылыс орын алуы мүмкін.
Бұл құрылғының қасында жанармай немесе басқа жанғыш булар мен сұйықтықтарды сақтамаңыз немесе пайдаланбаңыз.
Газдың иісі сезілген жағдайда орындалатын əрекеттер:
- Кез келген құрылғыны жақпаңыз
- Ешбір электр қосқышын ұстамаңыз
- Ғимараттағы ешбір телефонды пайдаланбаңыз
- Көршілеріңіздің телефоны арқылы газ қызметімен дереу хабарласыңыз.Газ қызметінің нұсқауларын орындаңыз.
- Егер газ қызметімен хабарласа алмаңыз өрт сөндіру бөлімінен хабарласыңыз.
- Орнату жəне қызмет көрсету білікті орнатушыызметтік агенттік немесе газ қамтушысы тарапынан орындалуы тиіс.
- Құрылғыларды тек жеткілікті желдетілетін бөлмелерде ғана пайдаланыңыз.
Электрлік жəне газ қосылымдары жергілікті заңнамаға сəйкес болуы тиіс.
Пеш орнатылғанда толық ажыратуды қамтамасыз ететін контакт бөлуі кем дегенде 3 мм болатын көп полюсті тізбек ажыратқышын қамтамасыз етіңіз.
Ереже бойынша құрылғының жерге тұйықталуы талап етіледі.
Құрылғы қуат көзіне қосылуы үшін розеткаға салынатындай қуат кабелінің ұзындығы жеткілікті болуы тиіс.
Газ қосылымы үшін тек икемді немесе қатты металл шлангіні пайдаланыңыз.
Қажет болса, электр қуатының сымы арнайы түрде өндірушінің түпнұсқалы жеткізілген сым сипаттамаларына ұқсас қуат сымымен ауыстырыла
алады (H05V2V2-F 90°C немесе H05RR-F түрі). Бұл операция білікті электр маманы тарапынан орындалуы тиіс.
Өндіруші бұл ұсыныстарды орындамаған жағдайда орын алатын кез келген адам немесе жануарлардың жарақаттары немесе мүлік зақымдалуы
үшін жауаптан босатылады.
Бірнеше айырды адаптерлерді немесе ұзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымын тартпаңыз.
Орнатудан кейін пайдаланушы электр құрамдастарына қатынаса алмауы тиіс.
Құрылғыны денеңіз су болған кезде ұстамаңыз немесе жалаң аяқ болғанда пайдаланбаңыз.
Бұл пеш (3-класс) жеке тұрмыстық мақсаттарда тағам дайындау үшін арналған. Бұл құрылғыны бөлмені жылыту үшін жылытқыш ретінде
пайдаланбаңыз. Бұл тұншықтырғыш газбен улану немесе пештің шамадан тыс қызуына əкелуі мүмкін. Өндіруші тиісінше пайдаланбау немесе
басқару құралдарының дұрыс емес параметрлері қолданылу жағдайында барлық жауапкершіліктен босатылады.
Бұл құрылғы біреудің бақылауында қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқауларды алған жəне ықтимал қатерді түсінген жағдайдан басқа жағдайларда
дене, сезу не ақыл қабілеттері шектеулі немесе тəжірибесі мен біліктілігі аз адамдар оның ішінде балалар) тарапынан пайдалануға арналмаған.
Кішкентай балалар құрылғыдан шеттетіліп, онымен ойнамауына көз жеткізу үшін бақылау астында болуы тиіс.
Газ құрылғысын пайдалану бөлмеде жылу жəне ылғалдылықтың түзілуін тудырады. Бөлменің тиісінше желдетілуіне көз жеткізіңіз немесе сору
мұржасы бар қақпақты пайдаланыңыз.
Ұзақ уақыт бойы пайдалану жағдайында қосымша желдету қажет болуы мүмкін (терезені ашу немесе сору мұржасының жылдамдығын арттыру
арқылы).
Пайдаланудан кейін тұтқалар өшірулі күйде екендігіне көз жеткізіп, негізгі газбен қамту шүмегін не газ цилиндрінің клапанын жабыңыз.
Қыздырылған майлар отқа оңай жанады. Май немесе спиртке (мысалы, ром, коньяк, шарап) қаныққан тағамдарды дайындау кезінде əрқашан
абай болыңыз.
Қаптама материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Тазалау немесе қызмет көрсетуден бұрын пештің сууын күтіңіз.
Бұл нұсқаулықтар тек техникалық паспортта (конфорканың астында) белгісі көрсетілген мемлекеттер үшін жарамды.
Бұл өнім сыртта орнатылу жəне басқарылу үшін арналмаған.
БҰЛ НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ САҚТАҢЫЗ
ЕНДІРМЕЛІ ГАЗ ПЕШІ
400011170974
BG
CZ
IT
RU
Page view 0
1 2 3 4 5 6 7

Summary of Contents

Page 1 - ЕНДІРМЕЛІ ГАЗ ПЕШІ

KKМАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫБұл нұсқаулар веб торапта қолжетімді болады: docs.bauknecht.euСІЗДІҢ ЖƏНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫБұл нұсқ

Page 2 - ЭЛЕКТРДІ ҚОСУ

ОРНАТУПешті қаптамасынан шығарудан кейін оның тасымалдау барысында зақымдаламағанына көз жеткізіңіз. Ақаулықтар туындаған жағдайда дилеріңізбен немесе

Page 3 - ЖЕРГІЛІКТІ ЕРЕЖЕЛЕРГЕ СІЛТЕМЕ

20306040Бет 20 теБмм 40 ммБет 30 теБмм 60 ммГАЗДЫҢ ТҮРЛІ ТҮРЛЕРІНЕ СƏЙКЕС РЕТТЕУ ЕСКЕРТУБұл операция білікті техник маманы тарапынан орындалуы тиіс.Құ

Page 4 - СƏЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

АҚАУЛЫҚТАРДЫ ШЕШУ НҰСҚАУЛЫҒЫПлита тиісінше жұмыс істемесе, Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына қоңырау шалудан бұрын ақаулықты анықтау үшін Ақа

Page 5 - ГзжнзйгD

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ Қаптама материалын тастауҚаптама материалы қайта өңделуге 100% жарамды жəне қайта өңдеу белгісімен ( ) таңбаланған. Қапта

Page 6 - ПЛИТАНЫ ПАЙДАЛАНУ ƏДІСІ

ПЛИТАНЫ ПАЙДАЛАНУ ƏДІСІ ЕСКЕРТУКонфорка отының кастрөл шетіне шығуына жол бермеңіз.МАҢЫЗДЫ: ПЛИТАНЫ ПАЙДАЛАНҒАН КЕЗДЕ ПЛИТА ТОЛЫҒЫМЕН ҚЫЗУЫ МҮМКІН.•

Page 7 - Италияда жасалған

ИНЖЕКТОРЛАР КЕСТЕСІ II2H3B/P САНАТЫ Пайдаланы - латын газ тҧріКонфорка тҧрi ИнжектортақбалануыЖылылығ аҋынынықноминалдыжылдамдыҋы Номиналды тҩтынылуыА

Comments to this Manuals

No comments